Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт Ақжайықта

06.10.2014 3266 0 пікір

 

Құрбан айт – барша мұсылман бауырларымыз асыға күтетін ұлық мереке. Бұл – Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. «Өзіңе тілеген жақсылықты басқаға да тілемейінше, шынайы мұсылман бола алмайсың», «Көршісі аш кезде өзі тойып түнеген адам – бізден емес» - деген хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадистері барша мұсылмандарды бір-біріне жанашырлықпен қамқорлық жасауға, қиналғандарға көмектесуге, тұрмысы төмендерге қарайласуға, өзара мейірімді болуға шақырады.

Ұлық мереке қарсаңында Облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы Ақжайық жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді.

Айттың бірінші күні облыстық мешітте айт намазына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып,  барша мұсылман қауымды айтулы мерекемен құттықтаса, қалалық мешітте қала әкімі Алтай Селдірұлы Құрбан айт мерекесіне орай жиналған жұртқа ыстық ықыласын білдірді. Намаздан кейін Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының атынан ірі қара мал құрбандыққа шалынды.

БҚО бойынша барлық мешіттерде шалынған құрбан еттерін көп балалы отбасылар, жетімдер үйі мен жағдайы төмен отбасыларға үлестіріліп, діни танымдық кітаптар мен дисклер де жамағатқа тегін таратылды.

Алла Тағала шалған құрбандығымызды қабыл етсін!

 

 Нұрлан Саматұлы

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру