«Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал».
(«Кәусар» сүресі, 2-аят).
Иісі мұсылман баласы үшін екі ұлық мерекенің бірі Рамазан айының Ораза айтынан кейінгі Алла тағалаға жақындығымызды білдіретін қасиетті Құрбан айт. Бұл мерекені Шығыс өңірі қазақы салт – дәстүрмен ерекшеледі. Таң сәріден мешітке ағылғандар қатары әдеттегіден көп. Облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы бес мыңға тарта жиналған жамағатқа Құрбан айт ерекшелігі, мерекенің ұлтаралық және дінаралық татуластығына қосатын үлесі жайында уағыз айтып, дініміздің қуатты, күніміздің шуақты, аспанымыздың ашық, ел іргесінің бүтіндігін Алладан тілеп, дұға жасады. Өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев жамағатты мерекемен құттықтап, Елбасының сындарлы саясатына сай, Шығыс жұртына баянды бақыт пен ынтымақ бастауы – бірлік пен береке тіледі. Бұл ұлық мерекені елеп, арнайы келген христиан, католик және лютеран шіркеулерінің басшылары да жылы лебіздерін білдірді. Намаздан кейін мешіт ауласында ұлттық ойын түрлерінен арнайы әзірленген мерекелік бағдарлама тамашаланды. Он мың дана бауырсақты тегін үлестіру акциясы «Бауырсақ» фестивалі көптің көңілінен шықты. Облыстық мешіт хатымханасында Өскемен қаласындағы алтын құрсақты үш жүз батыр аналарға құрмет көрсетіліп, сый – сияпат жасалынды. Осылайша, Шығыс елі елеулі Құрбан айтты қарсы алды...
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.10.2014
3588
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру