Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерейлі мереке Жер жаннаты Жетісуда

06.10.2014 3530 0 пікір

Адамзат қауымының ішіндегі мұсылман халқы үшін ең ұлық ізгілік пен ұлағаттылыққа, мейірімділік пен кешірімге, жомарттық пен қайрымыдылықтың бастауы болған құрбан айт мерекесіне де келіп жеттік.

Бас мүфтидің үндеуін үлгі етіп, Жер жаннаты Жетісу өңіріде Алла Тағаланың пендесіне берген мерейлі мерекесін кең дәрежеде атап өтті. Облыс орталығы Талдықорған қаласында да көптеген игілікті шаралар қолға алынды.

Обылыс әкімі Амандық Ғаббасұлы айт намазына қатысып дүйім жұртты берекенің бастауы ұлық мерекемен құттықтап, артынша құрбандық шалып Жаратқанға жалбарынды. Әкімнің Алланың үйіне келіп парызын өтеуі бір төбе болса, жамағаттың алдында мешітке су жаңа көлік беретіндігін айтып діннің жанашыры екендігін бір дәлелдеді.

Жылдағы үрдіс бойынша орталық саябақ тегін жұмыс істеп, көңілдері шаттыққа толған бүлдіршіндерге құрбан айт қоржынынан тәттілермен ойыншықтар үлестірілді. Барлық сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде үш күн бойына мерекемелік құттықтаулар қойылды. Биылғы айт қала тұрғындарына мерекелік сезім сыйлай білді. Мешіт маңында ұлттық ойындар ойнатылып, көпшіліктің көңілінен шығар қойылымдар қойылды. Жамағаттың жадысында ұмытылмастай қалған сайыс, қошқар көтеру болды. Кім тігілген қошқарды көп көтерсе екі қошқардың егесі атанатындығы жарияланған. Нәтижесінде салмағы 56 кг. құрайтын қошқарды 161 мәрте көтеріп Елубай ағамыз бас жүлдені иеленсе, 80 мәрте көтерген Абдусомәд бірінші орынның тұғырына жайғасты.

Бұлар өз тарапынан аталған игілікті істер. Бұған қоса облыстағы басқарма басшыларына ҚМДБ тарапынан арнайы құттықтауларын жолдап, барлық қақалық, облыстық газеттерге құттықтаулар мен мақалалар жаряланды. Қарттар үйі мен әлеуметтік жағдайы төмен 1000-ға жуық отбасыларға Құрбандыққа шалынған қой мен ірі қара етінен үлестіріліп, сыбаға ұсынылды.

Ендеше келер жылғы Құрбан айтта бүгінгі кемшіліктер орын алмай, ұлық мерекені ұлықтауда кішік болып кішірейіп, теңіздің тамшыдан құралатыны сияқты асыл дініміздің асқақтауына құстың ұлпасындай болса да өз үлесімізді қосуға асығайық, ағайын!

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша

         баспасөз қызыметі

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру