Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Айт намазына облыс басшысы қатысты

06.10.2014 3246 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде  өткен айт намазына облыс басшысы А. Айдарбаев қатысып, мұсылман жұртшылығын Құрбан айттың келуімен құттықтады.  «Мүбәрак мереке баршамызға жақсылық әкелсін, ел тәуелсіздігі баянды болып, тыныштық пен бейбітшілік туы ғана желбіресін»  , деді облыс әкімі А.Айдарбаев.  Айт намазы оқылғаннан соң, облыс әкімі бастаған топ құрбан шалу рәсімін жасады. Облыс әкімінің тапсырмасымен құрбандық еті аймақтағы қарттар үйі мен балалар үйіне жеткізілді.

Жаратушысына тәкбирлерін айтып, мәре сәре боп, бірін бірі құттықтаған ағайын облыстық мешіті тарапынан даярланған арнайы киіз үйлерден барып дәм таттты.  Құрбан айттың құрметіне нарық бағасынан төмендетілген бағада жәрмеңке, діни кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру