Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам тікелей эфирге келді

03.10.2014 3300 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров 2-қазан күні «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасына арнайы келіп, жұмалық «Иман нұры» бағдарламасында қонақта болды. Аталмыш бағдарлама тікелей эфирде жүргізіліп, «Қош келдің, Құрбан айт» тақырыбы әңгіменің арқауына айналды. 

Бір сағатқа жалғасқан бағдарламада Атырау өңірінің өкіл имамы Б.Берденұлы мұсылман қауымының ұлық мерекесі құрбан айттың мән-маңызына, оны дұрыс атап өтудің жөн-жоралғысына және құрбандыққа шалынатын малдың шариғи үкіміне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, Атырау облысындағы мешіттердің құрбан айтқа деген дайындығын, мейрам күндері атқарылатын мерекелік және қайырымдылық іс-шараларды атап өтті. Тікелей эфир барысында Атырау өңірінен және өзге аймақтардан қоңырау шалған көрермендер өздерін мазалаған Құрбан айт жөніндегі сауалдарын жолдап, бас имам тарапынан тиісінше жауаптарын ала білді.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру