Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт қарсаңында облысымыздың түкпір-түкпірінде мейрамға байланысты насихат жұмыстары жүргізілуде.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ұйытқы болуымен Сәтпаев даңғылында, Владимирский көшелері бойында «Қасиетті айт мерекесі мүбәрак болсын!» және «Құрбан айт құтты болсын!» атты баннерлер орнатылды. Сондай-ақ, аталмыш мешіт ауласының екі жанынан «Құрбан айт құтты болсын!» атты баннерлер ілінді.
Сонымен қатар, қаламыздың барлық аялдамалары мен автобустарында, Темір жол вокзалының маңындағы «Алмагүл» ықшам ауданы мен қала халқының күнделікті қадам басатын мекені «Дина» сауда орталығына да ұлық мерекемен құттықтаған плакаттар ілінді.
Аталған плакаттарда жергілікті айт намазының уақыты мен рухани өлең жолдары жазылған.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2014
3123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру