Құрбан айттың дайындығы Талдықорған қаласында қызу жүріп жатыр. Мешіттер мерекелік безендіру мен қатар іші-сыртына толық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қаламыздағы жоғарғы, орта оқу орын жастарымен кездесулер өтіп, ұлы мерекеміздің қадір-қасиеті, айт намазының артықшылығы, айттың құрметіне орай ұйымдастырылып отырған іс-шараларға ат салысуға шақырылды. Телеарналарға да сұхпат беріліп, мерейлі мерекенің маңызы паш етілді. Қала көшелеріне құттықтау баннерлер ілінді. Құрбан айтпен қаламыздың барлық мекеме басшыларына құттықтау хаттар үлестіріліп, күллі мұсылманның асыға күткен мерекесінің қадірін тағы бір мәрте дәріптей түскендей болды.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2014
3475
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру