Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт қарсаңындағы БАҚ-пен кездесу

03.10.2014 3053 0 пікір

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамы қарсаңында Атырау қаласы «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында жергілікті БАҚ өкілдерімен брифинг өткізілді.

Баспасөз өкілдерімен кездескен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров: "Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Малдың жақсысы мен тәуірін құрбандық ретінде таңдаңыз. Өйткені, ол «Сырат» көпірінде сізге көлік болады»" - дей келе, асыл дінімізде ерекше тұтатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, өкіл имам аталмыш мейрам күндері мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шараларға тоқталды.

Өңірдің бас имамы құрбан айт ұлттық мейрам санатына қосылғанын атап, халықты адалдыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, ынтымаққа үндейтінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, қалалық "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы Қанат Жұмағұл құрбандық шалудың үкімі жайында түсінік берді.

Кездесу соңында өкіл имам Б.Берденұлы атыраулықтарды мүбәрак Құрбан айт мерекесімен құттықтап, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

"Иманғали" орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру