Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Кеңес одағының батыры қызы Мәншүк Мәмбетова атындағы алаңда жасөспірімдер мен қыздар арасында асық ату, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен жарыс болып өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан жолы - 2050 жыл бір мақсат, бір мүлде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азамат деп ерекше атап көрсеткен. Ал денсаулықтың кепілі-дене шынықтыру мен спорт екені сөзсіз. Бүгінгі құрбан айт мерекесіне арналған спорттық шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен айтулы ұлық мейрамды жасұрпақ саналы түрде ұғынуды мақсат еткен еді. Осыған орай рухани мереке ұлттық нақышпен орталық алаңда қазақтың киіз үйі тігіліп, келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылды.
Атаулы шарада облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов сөз алып, қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Маямеровтың жылы сәлемін жеткізді. Одан кейін Орал медресесінің ұстазы Ержан Есім құрбан шалудың маңызы жайында толықтай тоқталып өтті. Балаларға базарлыққа ойыншықтар беріліп, ұлық мейрамды сезінгендей болды. Сыйлықтарға мәз-мейрам болып, жүздерінде қуаныш биледі.
Облыстық жастар шығармашылық орталықтарының өнерпаздары халық термелерін нақышқа келтіре орындап, әсем әндерін шырқап, мың бұрала билеп кештің ажарын аша түсті. Спорттық шарада тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күрестері жарыс болды. Ұлық мейрамға жиналған жамағат дастархан дәм татып, жылы тілектерін айтып, ықылас ниетін білдіріп, мешіттің ұжымына ризашылықтарын айтып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.
Асық атудан
1-орын Ұланбек Меңдібаев,
2-орын Ерболат Нұрғалиев,
3-орын Бекарыс Дауышев.
Қазақша күрестен
1-орын Бекайдар Мендешеев,
2-орын Уахит Нұрдәулет,
3-орын Еламан Дайынғалиев
Бес асықтан қыздар арасынан
1-орын Нұрбибі Тілекова,
2-орын Анар Калимуллаева,
3-орын Мәдина Әмірханова
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2014
3992
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру