Атырау облыстық, «Иманғали» орталық мешітінде жастар және жалпы келуші жамағат арасында діни сауаттылықты жетілдіру мақсатында екі айлық кешкі діни сауат ашу курсы 29-қыркүйектен бастау алды.
Дәрістер аптаның дүйсенбі, сейсенбі, жұма, жексенбі күндері ақшам мен құптан намазының аралығында жүргізіледі. Онда Құран әліппесі (тәжуид); ислам ғибадаты; ислам әдебі; сияр (Пайғамбар өмір баяны) дәрістері оқытылады.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы алғашқы дәрісті өзі жүргізді. Жамағаттың діни білімін арттыруға «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы, дінтанушы Қанат Жұмағұл және «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев ұстаздық ететін болады.
«Білім − инемен құдық қазғандай» демекші, аталмыш сауат ашу курсында білім алуға ниет еткендердің жас шамасы алуан түрлі және олардың саны күн санап артуда.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2014
5042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру