Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қала зейнеткерлеріне арнап, «Түркістан» мейрамханасында қарттар күні мен қасиетті құрбан айт мерекесіне орай дастархан жайды. «Түркістан» мейрамханасында өткен игілікті іс-шараға Үкіметтік және үкіметтік емес ұйым өкілдері, Алматы және Есіл аудандарында тұратын зейнеткерлер мен ардагерлер қатысты.
Іс-Шара аясында С. Ғылмани мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов еліміздің өркендеп, дамуы жолында маңдай терін төккен қазыналы қарттарды атаулы мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, асыл дініміздің қарттарды құрметтеуге, аялауға шақыратын арда құндылықтарын тілге тиек еткен Бас имам жалынды жастық шағын отанымыздың гүлденуіне арнаған қарттарымызды құрметтеудің маңызына тоқталды. Іс-шараға қатысқан қарияларға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» атты кітабы сыйға тартылды.
Қазыналы қарттар «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, тарқасты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.10.2014
4153
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру