Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт Астана қаласында

02.10.2014 4092 0 пікір

 1) 04 қазан күні астаналық мешіттерде Құрбан айт намазы – таңғы сағат 08:00-де оқылады.

 2) 04 қазан күні Құрбан айт намазынан кейін «Нұр Астана»,«Әзірет Сұлтан» мешіттерінің ауласында жалпы жұртшылыққа арналған мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады.

 3) Құрбандық шалу рәсімі – 04-06 қазан күндері Астана қаласында арнайы белгіленген орындарда ғана атқарылады. Астана қаласы әкімдігінің құрбандық малдарын сатуға және союға рұқсат еткен орындар тізімі:

 

   1. «Алтын таға» мал базары, «Қарқаралы» тас жолы.

   2. «Нұрбереке 555» ЖШС, «Алаш» тас жолы, №30 («Көк» базары); Автобустар: 1, 7, 36, 38, 41, 43, 120, 126, 130.

   3. «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС,  М. Дулатов көшесі, №191; Автобустар: 5, 12, 16, 26, 42.

   4. «Шаушен» шаруа қожалығы, Астана – Софиевка тас жолы, 9 км. Автобустар: жоқ.

   5. «Темеш» шаруа қожалығы, Астана – Софиевка тас жолы, 7 км. Автобустар: жоқ;

   6. «А.Есжанова» ЖК, «Сарыарқа» ауданы, Алаш тас жолы, Автобус: 38.

 

4) 04 қазан күні 14:00-де «Әзірет Сұлтан» мешітінің ауласында спорттық ойындар сайысы өтеді.

 5) 04 қазан күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде ардагерлерге арналған мерекелік дастарқан жайылады.

 6) 04 қазан күні «Төлебай» мешітінде жалпы жамағатқа мерекелік дастарқан жайылады.

7) 04-06 қазан күндері Астана мешіттерінің қызметкерлері қаладағы мұқтаж жандардың үйлеріне арнайы барып айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік және құрбандық еттерімен көмек көрсетеді.

8) 04-06 қазан күндері ауруханалардағы сырқат жандардың көңілін сұрап, айттық сыйлықтар таратады.

9) 05 қазан күні сағат 16:00-18:00 аралығында «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Құрбан айт құтты болсын!» атты мерекелік концерт өтеді.

10) 05 қазан күні Астана мешіттерінің ұйымдастыруымен «Жетеудің бірі бол да, Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы «Алтын таға» мал базарында өтеді.

11) 04-06 қазан күндері «Қайырымды, ізгі кісі көгерер, ізгі кісі – халық жүгін көтерер» атты республикалық акция аясында қала мешіттерінің қызметкерлері Астана әкімдігімен бірлесе отырып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіреді.

12) 06 қазан күні «С.Ғылмани» және «Шейх Күнта қажы» мешіттерінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Қарттар» үйінде «Қарттарым – асыл қазынам» деген атпен мерекелік рухани кеш өтеді.

13) 04-06 қазан күндері «Нұр Астана» орталық мешітінде жамағат арасында Құрбан айт мерекесіне арналған сұрақ-жауап сайысы өтеді.

14) 05 қазан күні «Әс-Сәлам» мешітінде жалпы жамағатқа мерекелік дастарқан жайылады.

 

 «Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру