ҚМДБ-ның Маңғыстау облысындағы өкіл имамы С.Сейтбеков өңірдегі зиярат орындары Бекет ата, Шопан ата мазарларына барып, сол жердегі зияратшы қауыммен жүздесті.
Бас имам қабір зияраты кезінде үлкен күнәларды жасамау, құрбандық малдарын Аллаға арнап сою жайында уағыз насихат айтты. Сондай-ақ,зияратшылардың сұрауы бойынша зиярат ету кезінде оқылатын дұғалар, өлілерге баратын сауаптар туралы кеңінен түсіндірілді.
Өкіл имам жұртшылықпен бірге зиярат ету рәсімдерін жасап, Маңғыстау бойын мекендеп, Аллаға құлшылық жасап, өнегелі өмір сүрген діндар ата бабалардың рухына Құран оқыды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.10.2014
3374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру