Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай облыстық қариялар үйінде ҚМДБ-на қарасты «Орал» медресесінің шәкірттерінің өздері дайындаған қайырымдылық концерті болып өтті.
Оған медресе ұстаздары мен шәкірттері, облыстық, қалалық мешіттердің имамдары, Қариялар үйінің қызметкерлері қатысты.
Алдымен бүкіл әлемнің Раббысы Алланың хақ сөзі қасиетті құран кәрімді Ораз Әміреев оқыды.
Сахна төріне ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы құттықтау сөз алып: Алдағы келе жатқан ұлық мереке «Құрбан» айтпен, осы мейраммен тұспа-тұс келген «Қариялар» күнімен құттықтады. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау тілегін айтып, барша жамағатқа «Ата-ана», «Исламдағы бала тәрбиесі» жайында кеңінен тоқталып, құрбан айтқа толық әзір екенін жеткізді. «Сыйласаңыз кәріңді, жарылқаймын бәрінді», «Қарты бар ел-қазыналы ел», -деп дана халқымыздың нақыл сөздеріне де тоқталып өтті.
Медресе шәкірттері жүректен шыққан жырларын оқып, иләһи әндерін шырқап, күмбірлеген күйлерін орындап, сахналық көріністерін қойып қазыналы қарияларға шалқар шабыт сыйлады.
Облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Сұлтанов ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелерге діни танымдық кітаптарын сыйға тартты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.10.2014
3220
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру