Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда Исламды тағы бір жігіт қабылдап мұсылман болды

30.09.2014 3351 0 пікір

Осыдан екі ай бұрын Ақтаулық Сырбу Роман Юрьевич есімді 23 жастағы орыс жігіті Исламды қабылдаса, жақында тағы бір Владимир Огай Григорович есімді кәріс ұлтының өкілі тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болды.

Он тоғыз жастағы Владимирдің отбасы христиан болғанымен ата-анасы Исламға бет бұруына қарсы болмапты. Ол бұған дейін әпкесімен шіркеуге барып, жанына тыныштық ұялататын ақиқатты іздеген. 

Алайда, сол ақиқатты ақыры Ислам дінінен тапқанын жеткізді. Владмирді облыстық орталық Бекет ата мешітінің бас имамы Смайл Сейтбеков қабылдап, оның мұсылмандық төңірегіндегі қызықтырған сауалдарына жауап берді. Салихалы сұқбаттан кейін имам оған кәлимасын айтқызып, мұсылман болуымен құттықтады.

Владимир сөз соңында есімін Ислам деп өзгертті. Енді ол Алла парыз еткен намаз оқу мен ораза ұстауды үйреніп, құлшылығын орындауды жолға қоймақ.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру