Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айтқа дайындық

30.09.2014 3277 0 пікір

Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Тыныштықұлының бастамасымен облыстық орталық мешітінің имамдары мен қызметкерлері арасында сенбілік болып өтті.

Облыстық орталық мешітінің ауласын тазалап,  ағаштардың түбін қопсытып, ақтау жұмыстарын жасады.

Берекелі күздің сарғайған жапырақтарын тазалап, жаз бойы шашылған қоқыс қалдықтарынан табиғатты тазалау-басты міндетіміз.  Хадисте айтылғандай: «Тазалық иманның-жартысы» демекші, өйткені табиғатта тірі организм. Туған өлкеміздің тазалығы кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмауы керек,- деді облыс имамы.

Осындай сенбілік жұмыстары БҚО бойынша мешіттерде жалғасын табуда.

Нұрлан  САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру