ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай алда келе жатқан Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиынды осынау мерекенің ата дініміздегі алар орны мен мән-маңызына тоқталған Мақсат Қуанышбекұлы мемлекеттік мерекенің 4 қазан күні тойланатынын, айт намазы қаламыздағы барлық мешіттерде таңертеңгі сағат 8-де оқылатынын жеткізді.
Баспасөз барысында Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан Семей халқын осынау қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Халқымыз үшін дәстүрлі саналатын Ханафи мәзхабы бойынша айт намазын оқу жұма намазы парыз болған әрбір ер адам үшін - уәжіп, яғни, міндетті амал. Сондай-ақ, Пайғамбар сүннетіне сәйкес айт намазына және айтты мерекелеуге әйелдер мен балаларды қатыстыру да сауапты іске жататындығын айтып өтті. Өкіл имам сондай-ақ, Құрбан айт ұғымымен байланысты туындаған ел ішіндегі түрлі сауалдарға да тұщымды жауап беріп өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында М.Алтыбай биыл құрбандық мал шалу үшін мешіттің жанынан арнайы жер даярланатынын жеткізіп, құрбандық мал етінің үшке бөлініп, мұқтаж жандарға, туыстармен көрші-қолаңға таратылса, үшінші бөлігі әркімнің өз отбасына қалдырылатынын да айтып өтті. Айтқа байланысты мерекелік айт күні өтетін ұлттық дәстүрімізді насихаттау барысында Қос мұнаралы орталық мешітте 6 қазан күні ұлттық ойындар ұйымдастырылады осы шараға қатысып, қонақ болуға шақырды.
Келе жатқан төл мерекелеріміздің ең үлкені Құрбан айт баршаңызға мүбарәк болсын!
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.09.2014
3615
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру