Семей аймағы Қос мұнаралы орталық мешітінің өкіл имамы Алтыбай Мақсаттың тапсырмасымен Семей қалалық бір мұнаралы тас мешіттің бас имамы Нұрбек Нәзірұлы 4 күндік іс-сапармен Павлодар облысында орналасқан «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде қонақ болды.
Аталмыш медресе солтүстік өңірдің алты обылысынан келген 60-қа жуық шәкірт тәлім алуда. Семей аймағынан оқуға түскен талапкерлердің хал-жағдайларымен танысып, имам Нұрбек Нәзірұлы шәкірттерге дәріс оқыды. Діни тақыраптарда сұхбат өткізіп, болашақ имамдарға керекті кеңестер айтылды.
Соңғы күні Семей аймағының өкіл имамы атынан медресе асханасында дастархан жайып, шәкірттерге ас берілді. Алдағы уақытта әлеуметтік жағдайы төмен шәкірттерге демеу болып, оларды қажетті заттармен қамтамасыз етуге және медресеге басқа да көмектер көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Шәкірттер алғыстарын айтып, мұндай қамқор ағаларының жылы қабақтарына дән ризалықтарын білдірді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық. Әрине мұндай игі іс-шаралардың көпшілікке үлгі болары шүбәсіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ілім иесі, ілім ізденуші, ілімді тыңдаушы не ілімді сүюші болыңдар. Бесіншісі болмаңдар. Әйтпес, құрисыңдар», – дейді. Ілім жолында жүргендерді сүйеу-сауапты әрі абройлы іс. Ілім ізденушілерді қадірлейтін, олар үшін мал-дүниесін пида етуге даяр тұратын медресе жанашырларына Жаратушы Иеміз разы болғай!
Павлодар қаласы
«Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің
2 курс шәкірті Азамат Мұратұлы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.09.2014
5195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру