Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай облыстық «Нұр-Отан» ғимаратында ҚМДБ-ның Орал қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, ішкі саясат басқармасының қолдауымен барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айтқа байланысты дайындық жұмыстары туралы пресс-конференция болып өтті.
Айт күні-аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Айт арабтың –«әл ғ'ид» деген сөзі "мейрам", "мереке" деген мағына береді.
Пресс-конференцияда облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Сұлтанов: Алдымен исі мұсылман жамағатын Қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, тапсырған тапсырмасына орай ұлттық нақышпен өткізетіндігін жеткізді.
Алла қаласа 2 қазан күні Кеңес одағының батыры қызы Мәншүк Мәмбетова атындағы алаңда спорттық шара болатындығын айтып, асық ату, тоғыз құмалақ, балуандар күресі т.б. шаралардың болатындығын жеткізді. «Родник», «Атаба» сауда орталықтарында азық-түлікке, халық тұтынатын заттарға 10-20-30 пайыз жеңілдіктер ұсынатындығын, қала ішінде қатынайтын №5 жолаушы көлігі «Құрбан» мерекесіне орай бір күн тегін жүреді. Орал медресенің шәкірттері «Қарттар мен балалар» үйінде рухани қайырымдылық шаралар ұйымдастыратынын жеткізді.
Орал орталық мешітінің найб имамы, ұстазы Мұратбек Қыстаубаев Құрбан айттың маңыздығына тоқталып, құрбандық шалуға ерекше мән берді.
Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков Құрбандыққа шалынған малдың еті мен терісі жайында кеңінен тоқталды.
Пресс-конференцияға облыстық ішкі саясат басқармасы, діни істері басқармасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық «Қазақстан -Орал», «ТДК-42» телеарналарына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы «Құрбан айт» жайында сұхбат берді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.09.2014
3172
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру