Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт қарсаңында имамдар бас қосты

29.09.2014 3079 0 пікір

Қыркүйек айының аяқ шенінде Атырау облысына қарасты қала, аудан имамдары «Иманғали» орталық мешітінде бас қосып, қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында мәжіліс өткізді. Әрине, ондағы бір ғана мақсат – күллі мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт мейрамын жоғары әрі халықтық деңгейде атап өтуге өңір бойынша ат салысу.

Жиын барысында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қала, аудан, ауыл мешіттерінің ішкі-сыртқы тазалығына аса көңіл бөлуді, мейрам қарсаңында сенбілік жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, бұқара халықтың ынтымағын арттыратын мерекелік шаралар ұйымдастыру, құрбан еттерін тізім арқылы жағдайы төмен отбасыларға тарату және өзге де қайырымдылық шараларын өткізу жүктелді.     

Қала, аудан имамдары да құрбан айтқа деген дайындықтарын айта келе өз ұсыныстарын ортаға салды. 

Сонымен қатар, күн тәртібінде жергілікті екі айлық діни сауат ашу курсына шәкірт жіберу, «Иман» және «Ислам және Өркениет» басылымдарына жазылдыру жұмыстарын ұйымдастыру, қайырымдылық, сауат ашу, уағыз-насихат және жат ағымның алдын-алу секілді маңызды мәселелер де талқыланды.

«Иманғали» орталық мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру