Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұрат етіп Меккені сапар шекті

29.09.2014 3411 0 пікір

Бұл күндері әлемнің әр бұрышынан қасиетті шаһар – Меккеге ұлы сапарға аттанатын мұсылмандар көші көбейеді. Ұлық ғибадат – қажылық уақыты да таяп, бүгінгі таңда оған елімізден бес мыңға жуық отандасымыз аттануда. Солардың қатарындағы бір топ елордалық ағайындарымызды күні кеше Астанадағы «Төлебай» мешітінде шығарып салу рәсімі өтіп, игі тілектерге арналған ақ дастархан жайылды.

«Төлебай» мешітінің бас имамы Ибраһим Келдібайұлы ізгі сапарға ниет еткен ақ пейілді ағайындарға өз тілегі мен лебізін жеткізді. «Жыл сайын елімізден қажылық сапарына аттанушы ағайын қатары артуда. Бұл – еліміздегі Ислам дінінің өрісінің кеңейіп келе жатқандығының белгісі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышаны,тәуелсіздігіміздің жемісі» деп атап өткен бас имам барша ағайынға сәт сапар тілеп, дұға етті.

Өз кезегінде қажылыққа ниетті ағайындар да ыстық ықыластары мен рахметін айтып, қажылық рәсімі мен шариғат төңірегінде ақыл-кеңес беріп, арнайы дайындық курстарын ұйымдастыруға ұйытқы болған елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұылына, барша дін қызметкерлері мен дін жанашырларына алғыстарын білдірді.

 Жайық НАҒЫМАШ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру