ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров найб имамдарымен бірге Инчхонда өтіп жатқан ХVІІ Азия ойынында зілтемірші Алмас Өтешовті қолдауға алаңда жиналған халықпен бірге қолдау білдіріп, тікелей алып көгілдір экраннан тамашалады.
Сайыс басталу алдында Бас имам алаңға шығып көпшілік алдында дұға жасап, Алладан жерлесіміздің жеңімпазына куә болуымызды сұрады. «Көптің дұғасы қабыл» - дегендей көп ұзамай жерлесіміз бас орыннан 1 бал жетпей қалғаны болмаса да екінші орынды иенденіп, Сыр халқын бір серпілтіп қуантып тастады.
94 келі салмаққа дейінгі дәрежеде Алмас Өтешов 175+218 келі көтеріп, 393 келімен екінші орынға ие болды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2014
3416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру