Ақжайық өңіріндегі облыстық орталық мешітте қажыларды қасиетті қала – Меккеге шығарып салу рәсімі өтті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы сапарға аттанушыларға қажылықтың асыл дініміздегі мән-маңызын баяндап, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, қасиетті сапарларына сәттілік тілеп, қажылықты өтеу кезінде Қазақ жерінің болашағы үшін дұға жасауларын тіледі.
Биыл БҚО бойынша Орал қаласындағы орталық мешітінің уақытша ұстаз қызметін атқарып жүрген Бархат Мақсотқызы, «Қызыл» мешіттің найб имамы Әзілхан Бисенғалиев, Бөрлі аудандық мешітінің молдасы Бержан Әділ аттанбақ ниетте.
Зеленов ауданы, Дариян ауылының молдасы Мендеш Атауұлына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай тегін жол билетін ұсынды.
Облыс имамы барлық болашақ қажыларға тілегін айтып, ақ дастархан жайып, батасын берді.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.09.2014
3883
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру