КТК Меккеден арнайы репортаждар көрсетеді
Мұсылман қауымы үшін ең ұлы әрі ең қалаулы сапар боп танылатын үлкен қажылық басталды. Биыл қасиетті Қағбаға біздің елімізден 5 мың адам барады. Олардың алғашқы легі аттанып та кетті.
Мекке мен Мединеге баратын қажыларға өз елімізде діни дәріс берілді. Және бес парыздың бірі боп саналатын Қажылықты өтеудің тәртібі мен дұрыс жолдары айтылды. Оған қоса жандарына арнайы уағыз айтып жол сілтеп отыратын имамдар мен ауыра қалса ем жасайтын 4 дәрігер де қоса аттанбақ. Биыл елімізден Үлкен қажылыққа баратындардың саны өткен жылғыдан 500 адамға артық. Және жыл сайынғы миссияның да сапы артқан. Биыл оған журналистер де қосылды. КТК телеарнасының тілшілері де қасиетті сапарға аттанғалы отыр.
Ержан қажы Малғажыұлы,Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
-Миссияның саны да 50 адам барады. Оның ішінде дәрігерлеріміз бар. Және биыл ерекшелігі миссияға жеке ғимарат алдық, ол ғимаратта өзіміздің Қазақстанның туы ілінеді. Өзіміздің қажыларға білінуі үшін. Және екі автобус алынады. Және ол автобустармен әр компанияға барып қажыларымыздың жағдайын біліп тұру үшін.
Источник:
Использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на конкретную страницу сайта в первом абзаце и в конце публикации с указанием источника (сайт телеканала КТК, гиперссылка на страницу сайта). Использование скриншотов и иллюстраций разрешается только при сохранении логотипа ресурса.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2014
4408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру