Бүгін Атырау облысының әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Кеңесті облыс әкімінің орынбасары Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы жүргізді. Аталған Кеңес отырысына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Қызылқоға ауданының әкімі Мұқанов Мақсот Сайполаұлы, Исатай ауданының әкімі Сұлтанбеков Тұрарбек Ғайнеденұлы, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелерінің басшысы Қалауи Мейірім Жоламанұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» басшысы Есенғалиев Жарас Мағазұлы қатысты.
Сонымен қатар белгілі дінтанушы,"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре осы күнге дейін атқарған іс-шаралар есебін беріп, баяндама жасады.
Шыңғыс Жұмабекұлы отырысты қорытындылап, кеңес мүшелерінің алдында теолог Ерсін Бекайдарұлына Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың атынан алғыс білдіріп, өңірімізге дін саласында атқарған қажырлы еңбегі үшін мың алғысын білдіре отырып, естелікке сыйлық тарту етті.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.09.2014
4076
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру