Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

25.09.2014 3938 0 пікір

Қасиетті құрбан айт қарсаңында ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігімен, Семей қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, мүмкіндігі шектеулі кемтар адамдарға қамқорлық акциясы өтті.

Семей аймағының өкілі Алтыбай Мақсат алып, жалпы кемтар мүгедек, қамкөңіл жандарға қайырымдылық жасау ортақ міндетіміз. Асыл дінімізге қайырымдылық жасаудың қайырымен сауабы, Алланың құзырынан болатындығы уәде етілген. Құранда: "Кімде-кім шаңның тозаңның түйіріндей ізгілік жасаса оның сыйын сауабын алады. Кім шаң тозаңның түйіріндей қиянат қылса зұлымдық жасаса, оның жазасын тартады",- деген.

Биылғы 2014 жыл ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Дін мен Дәстүр жылы деп жариялады. Бас мүфтидің дін өкілдеріне берген тапсырмасының бірі қайырымдылық жасау. Семей орталық мешітінің атынан үнемі қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылып келеді.

Семей қаласының әкімінің орынбасары Зәуреш Рамазанқызы: "Қайырымдылық жасау ұлтымыздың асыл қасиет екенін, үнемі біз қамқорлыққа зәру адамдарға қолдау көрсетуге міндеттіміз!",- деді. Қала әкімі Айбек Мүталапханұлының жиналған қауымға сәлемін жеткізді. Бұл шараның өтуіне демеушілік еткен бір қатар кәсіпкер азаматтарға ризашылық тілегін айтты. Ақ дастарханнан дәм татқаннан кейін, мүмкіндігі шектеулі кемтар жандарды, бағалы сыйлықтар және Семей таңының 95 жыл толуына орай бір жыл бойы Семей таңы газетін тегін алатын сертификат берілді. Жиынға қатысқан мекеме басшылары, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері өз ізгі ниеттерін білдіріп, сауапты амалдың қайырлы болуын тіледі. Дастархан басында Құран оқылып, дұға жасалды. 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру