Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар бір қуанып қалды

25.09.2014 3404 0 пікір

Хадис шарифте: "Жетімге жақын бол, оған мейірімділік ет, басын сипа, онымен бірге тамақ же! Осылай еткен адамның көңілі (жүрегі) жұмсарады және қажеттіліктері орындалады", - деп келеді. Осыған орай қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Иманғали» орталық мешіті кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.

Атырау қалалық «Сабыр Қазыбаев атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мешіт атынан тәтті тоқаштар мен кәмпиттер, киім-кешектер, сөмкелер, аяқ киімдер, түрлі сыртқы киімдер ұсынылды. Мекеме басшысы Сәния Мусиева мешіт қызметкерлеріне балалар атынан өз ризашылығын білдіріп, ерекше алғысын айтты.

"Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев мейрам қарсаңында ұстаздар мен тәрбиеленуші балаларды барша мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтпен құттықтап, әкелінген сыйлықтарды табыс етті. Сонымен қатар, аталмыш мереке күндері мешітте арнайы дастарханның қонақтары болуға шақырды. Алдағы уақытта да ізгілік пен мейірімге толы мұндай қайырымы мол шаралар өз жалғасын таба бермек.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру