Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаудан 200-ге жуық мұсылман бауырлар қажылыққа аттанғалы жатыр...

24.09.2014 3389 0 пікір

 

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде  қажыларды қасиетті қала – Меккеге шығарып салу рәсімі өтті.

 Облыс имамы Смайыл Сүйерқұлұлы сапарға аттанушыларға қажылықтың Исламдағы мән-маңызын баяндап,  көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қасиетті сапарларына сәттілік тілеп,  қажылық рәсімдері кезінде еліміздің ертеңі үшін дүға жасауларын өтінді.

Биыл Маңғыстаудан екі жүзге жуық мұсылман бауырлар қажылыққа аттанғалы жатыр. Олардың басым бөлігі Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешіті мен «Ар-рахман» мешіті ұйымдастырған курсқа қатысып, шариғи ережелерді сақтай отырып қажылық рәсімдерін жасауды үйренген.

Бұрындары маңғыстаулықтар Алматы қаласы арқылы Меккеге бағыт алатын болса, соңғы екі жылда Стамбул-Джидда қалалары арқылы барып жүр. Бұл бір жағынан сапар уақытын қысқартса, екінші жағынан билет құнын да жеңілдеткен. Қазіргі қажылық билетінің құны төрт жарым мың доллар.

Бүгін күні Мекке қаласында елу градус ыстық. Соған қарамастан қажылыққа барушылардың қатарында жөргекте баласы бар аналар мен мүгедек әжелер де кездесетін көрінеді. Олардың алаңсыз құлшылықтарын атқаруға Меккеде барлық жағдай жасалынған. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру