Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының Ақмола облысындағы жұмыс сапары аясында кеше Степногорск қаласында болды. Алдымен қалалық әкімдікте қала тұрғындарымен кездескен теологтар діни тағылым жайлы әңгіме қозғады. Кезінде бұл өңірде әртүрлі теріс ағымдар көрініс берген болатын. Сондықтан да, жұрт арасында насихат жүргізудің маңызы зор.
Облысқа арнайы келген РАНТ мүшелері Рүстем Сыздықов пен Нұрлан Дарқұлов өз уағыздарында жат ағымдар жайын қозғап, олардан сақтанудың жолдарын жіті айтып берді. Сонымен бірге, олар Бестөбе кентінде жергілікті мектеп пен мешітте болып, дәстүрлі дініміздің баға жетпес құндылықтары жайлы ауқымды мағлұмат берді. Жастарды да, жамағатты да ислам дінінің қазіргі ахуалы ойландырмай қоймайтыны белгілі. Кездесу барысында жамағат өздернің көкейінде жүрген сауалдарына білікті мамандар тарапынан тұшымды жаупатарын алды.
Насихат тобының жұмысына оң баға берген облыс имамы Қанат Қыдырмин оларға өзінің ризашылығын білдірді.
Бақыт Смағұл.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.09.2014
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру