ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен бір күнде қаламызда орналасқан арнаулы бес оқу орнында «Діни ағымдар және олардың зияны» атты тақырыпта уағыз-насихаттық кездесу өтті.
Өкіл имам Талғат Омаров М.Махамбетов атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде, орталық мешіт ұстазы Нұрлан Абжанов И.Абдукаримов атындағы Қызылорда агро-техникалық колледжінде, қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Марат Губайдуллин Қазанқап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінде насихат айтса, қалалық «Ыбырайым молда» мешітінің бас имамы Асқар Жұбанов Қызылорда медициналық колледжінде, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Нұржан Қияс №18 қалалық кітапханада кездесу өткізіп, діни ағымдардың алдын алу мақсатында жастарға дәстүрлі дініміздің құндылықтары туралы сөз қозғады. Бір мазхабты ұстанудың маңыздылығына тоқталған дін мамандары ағымдардың жастарды өздеріне қалай тартатындығын және олардан қалай сақтануға болатындығын жіті түсіндірді.
Студенттердің сауалдарына жауап берген имамдар кез келгеннің әсіресе ғаламтор беттеріндегі қаптаған діни мағлұматтардың барлығын шынайы қабылдамай, қандайда бір діни сауал туындаса мүмкіндігінше мешіт имамдарынан келіп жөн сұрап, ғаламтордағы діни мәліметті ҚМДБ-ға қарасты сайттардан ғана алуға шақырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.09.2014
3358
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру