Маңғыстау облыстық орталық мешітінің Бас имамы Смайл Сейтбеков Жаңаөзен қаласы жанында орналасқан Теңге ауылында болып, ондағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылған кездесуге қатысты.
Жиында ауылдағы 3 мектептің ұстаздары мен оқушылары өкіл имамның уағыз-насихатын тыңдап, өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Имандылық турасында өрбіген әңгіме барысында өкіл имам оқушыларға мұсылман адамның бойындағы әдептер, ата-ананы сыйлау, Отанды сүю секілді жақсы мінез-құлыққа ие болу жайында айтты.
Сондай ақ, теріс идиологияның қолшоқпары болуға үндейтін жат ағымдардан сақтану, әлеуметтік желілердегі дінді таратып жүргендердің жазбаларын оқудан аулақ болуға шақырды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2014
3545
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру