Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт қарсаңындағы жиын

22.09.2014 3781 0 пікір

Ұлық мереке Құрбан айт  қарсаңында  Бесқарағай орталық  мешітінде  Бас  имам Серікжан  Аманұлының  бастамасымен ауыл  әкімдері мен ауыл имам-молдалары Құрбан айтты жоғары деңгейде  өткізу және Бесқарағай өңірінің  діни – ахуалын көтеру  мақсатында  жиын  өтті.

Бұл  жиынға  аудан әкімінің орынбасары Әнуар  Серікбайұлы, ішкі  саясат  бөлімінің бастығы Асқарбек  Қасабайұлы қатысты. Жиынды Бас имам  Серікжан  Аманұлы ашып,  келе жатқан қасиетті «Құрбан айт» мейрамымен құттықтап, ҚМБД-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Құрбан айтты Ұлттық нақышта өткізу тапсырмасын, өкіл имам Мақсат қажы Қуанышұлының өңірге берген тапсырмаларын айтып жеткізді. Аудан әкімінің орынбасары  Әнуар  Серікбайұлы өз сөзінде Ауыл әкімдеріне  өз ауылдарында Құрбан айтты өткізу және әрдайым діни ахуалды көтеруде  бірігіп жұмыс істеуді тапсырды.

Жиын  соңында ішкі саясат бөлімінің бастығы Асқарбек Қасабайұлы Бас имам Серікжан Аманұлының істеп жатқан жұмысына жоғары баға беріп, ұлық мереке Құрбан айтты белсене ат салысып  өткізейік деп тарқасты. 

Ерсайын Сатабайұлы
Бесқарағай орталық мешітінің
Ақсақалдар алқасының мүшесі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру