Ұлық мереке «Құрбан» айтқа орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов пен дін істері басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Діни экстремизм және терроризм» атты тақырыбында кездесу болып өтті.
Мақсаты өзекті мәселеге айналып отырған экстремизм және терроризмнің алдын-алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарға ой салу.
Бас қосуда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Aйдар Батырханов сөз алып, кездесуге келген қонақтарға дініміз жайында тоқталып, ақ тілегін білдірді.
Одан кейін орталық мешітініің бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алды. Алдағы келе жатқан ұлық мереке «Құрбан» айтпен құттықтап, Бас мүфтиіміздің тапсырған мәртебелі мерекеміз – Құрбан айтты ұлттық нақышпен өтетіндігі жайында тілге етті. Ұлы жаратушыны танып, білім арқылы адамзатқа жақсылық жасасақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бейбіт өмір ғұмыр кешетіне сенімім мол еді, – облыс имамы.
Дін істері басқармасының жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Арман Нұрахметұлы «Діни экстремизм және терроризм» тақырыбында баяндамасын оқыды.
Облыстық орталық орталық мешітінің наиб имамы, ұстазы Мұратбек Қыстаубаев белсенді, білімді жастардың сұрақтарына толықтай жауап берді.
Шара барысында теріс ағымдағы діни секталар жайында бейнебаян көрсетілді.
Кездесуге М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің студенттері, мұражай қызметкерлері қатысты.
Шара соңында облыс имамы Руслан қажы Тыныштықұлы мұражайдың директоры Айдар Тапашұлына діни танымдық әдеби кітаптарын сыйлады.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2014
3587
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру