Қазақстанның «Әл-маруа» және «Хикмет» трэвел компанияларымен қажылығын өтейтіндер 20-21 қыркүйек күндері Алматы орталық мешітіне жиналды.
ҚМДБ өкілі Е.Оңғаров мырза және қаланың Бас имамы Есмағанбет Нұрбек қажы қажыларға киелі құлшылықтың маңызы жайлы уағыз айтып, сәт сапар тілеп шығарып салды. Кездесу барысында қажыларға киелі құлшылық жайлы жан-жақты түсіндіріліп, қажылықтың керек-жарақтары табыс етілді.
Айта кетелік, «Әл-маруа» компаниясымен қажылық өтейтіндер сапарға аттанып үлгерді, ал «Хикмет» трэвел компаниясы қажыларын 25 қыркүйек күні аттандырады деп күтілуде.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2014
3442
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру