Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Таза қала акциясы» атты сенбілік өтті

22.09.2014 4275 0 пікір

Мұсылман баласы салауатты өмір салтын сақтап, әлеуетті өмір сүрудің бір негізі - қоршаған ортаға көңіл бөліп, бай табиғатымызды қорғай білуде. Екі жаһанның сәруары - хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у) адамдар жүретін жолдың үстіне, тынығатын көлеңкелерде, әсіресе жемісті ағаштардың маңайларын ерекше таза ұстауға шақырып, сахабаларға: «Екі түрлі қарғыс арқалаудан сақ болыңдар!» дегенде, олар: «Иә, Алланың елшісі! Екі қарғыс алушы дегеніңіз кімдер?» - деп сұрайды. Ол: «Адамдар жүретін жолға немесе тынығатын көлеңкеге дәрет сындырушы, ластаушы, бүлдірушілер» - деу арқылы қоғамдық орындарды таза ұстауға шақырған.

Себебі, өмір сүрген ортада қоғамның әрбір мүшесінің өз құқығы бар. Біз жүрген жерімізді тазаламай ластап кетер болсақ, өзге бауырларымыздың құқығын аяққа таптаған боламыз. Ал, Исламда өзгенің құқығын, ақысын жеу немесе аяқ асты етушінің ахиретте соншалықты зиян шегетіні қатаң ескертіледі

Дана халқымыз: «Таза табиғат – халық байлығы» демекші Талдықорған  қаласында «Таза қала акциясы» өтті.Осыған орай Талдықорған «Нұр» орталық мешіті жамағаты атсалысты. Мешіт жамағатымен мешіт қызметкерлері жуырда ашылатын үлкен мешіттің айналасын тазалады.

 

ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру