Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

22.09.2014 3775 0 пікір

Елбасымыз  жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына аса көңіл бөлгені белгілі. «Бала тәрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция» деген ұлағатты сөзінде үлкен мән жатыр.

Президенттің жолдауында ерекше аталып өткен бала тәрбиесі, жастардың келешегі, терең білім алуы секілді мәселелерде дін өкілдері де белсене атсалысуда.

А. Қаттани мешітінің Бас имамы Бақдаулет Абдрахманов түрлі білім ордаларымен тығыз байланыс орната отырып, жастардың тәрбиесін имандалық жолдарымен жетілдіре түсуді мақсат еткен.

Аталмыш мақсат жолында мешіт имамдары бірқатар білім ошақтарында болып, жастармен кездесіп, дін мәселесіндегі сұрақтарға жауап беруде. Жастармен қатар ата-аналармен де жүздесіп, бүгінгі ұрпақтың ертеңгі ел келешегі екені айқын әңгіме болуда.

ОҚО Білім басқармасының №4 колледжінде студент жастардың ата-аналарымен өткен кездесуде А.Қаттани мешітінің наиб имамы Шынболат Үмбетов жиналғандар алдында исламдағы тәрбие, білім, көркем мінез жайлы уағыз жүргізді. Сонымен қатар ата-ананың бала алдындағы міндеті мен парызы жайлы сөз қозғап, жиналғандардың сан алуан сұрақтарына жауап беріп өтті.

Жиын соңында кездесуге келгендер жастардың білімі мен тәрбиесін ата-ана, ұстаздар қауымы, жалпы қоғам болып қадағалаудың жемісті боларына сенім білдіріп, алдағы уақытта біріге іс атқаруға сөз байласты. Елбасымыз ерекше мән беріп отырған жасөспірімдердің білімі мен тәрбиесін жетілдіре түсуде, жұмыла көтерген жүктің жеңіл боларына бір ауыздан келісім білдіріп тарасты.

А. Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру