Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт қарсаңында қариялар бас қосты

19.09.2014 3462 0 пікір

Ұлық мереке «Құрбан» айтқа орай  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен орталық мешіттің «Ақсақалдар алқасы» мүшелері бас қосты.

Басқосуда орталық мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов сөз алды: Алдағы келе жатқан  ұлық мереке «Құрбан » айтпен құттықтап, Бас мүфтиіміздің тапсырған мәртебелі мерекеміз – Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу үшін алдымен мешіміздің қазыналы қарияларымен ақылдасып, ұлттық нақышпен өткізу жайын тілге тиек етті.

Мешіттің қазыналы қариялары өзара ақылдасып, түйінді мәселелерді жан-жақты талқылады.

Ақсақалдар алқасының мүшесі Қайырлы қажы Баесов сөз сөйлеп, өкіл имамның істеп жатқан қызметіне, Құрбан айттың жоғары дейгейде аталып өткендігіне, Ораза айт кезінде Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Мәншүк Мәметова атындағы алаңда ұлық мереке бізге қатты әсер бергендігін сөз етіп, Құрбан айтқа белсене атсалысатынын жеткізді.

Қазыналы қарияларға облыс имамы Руслан қажы Тыныштықұлы діни танымдық әдеби кітаптарын сыйлады.

Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру