Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен облыстық «Мұсылман әйелдері лигасы» төралқа мүшелері және қалалық Қажылар Қауымдастығының алқа мүшелерінің бірлескен отырысы өтті. Отырысты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Жалпы және жастар бөлімінің басшысы Айбек Оралханов және «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапхана меңгерушісі Назым Ғизатқызы үйлестіріп жүргізіп отырды. «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабдыкәрімұлының қасиетті Меккеге барып қажылық парызын өтеуге ниеттенушілерге ақжол тілеп уағыз-насихаттар айтып, Құран оқып, бата беруімен басталды.
Қалалық Қажылар Қауымдастығының төрайымы Рымтай қажы Сапарбекқызы, алқа мүшесі Тұяқ қажы Иманқұлдар биылғы қажылық парызын өтеуге баратын адамдарға осы сапар барысында есте ұстайтын басты мәселелері туралы түсінікті ақыл-кеңестер берсе, «Мұсылман әйелдері лигасының» төрайымы Бақыт Шаханқызы алдағы уақытта аталмыш қоғамдық ұйым арқылы ұлттық дәстүрді насихаттау, жас отбасылардың ажырасуына алдын-алу мақсатында облысымыздағы мешіт имамдары, қажы ата-апалар, елге сыйлы ақсақалдар мен ғалым- оқымысты адамдардың ой-пікірлері, ақыл-кеңестерін жинақтап «Жас жұбайлар міндеті» атты кітапша шығаруды жоспарлап жатқандарын кеңінен түсіндіріп айтып өтті. Соңында отырысқа қатысушылар кезектесіп келелі ой-пікірлер өрбітті.
Отырыс соңында ата-бабамыздан жалғасқан дәстүрлі дінімізді насихаттау,жастар санасына дін мен дәстүр үйлесімділігі туралы дұрыс түсініктер қалыптастыру бағытында алдағы уақыттарда аталмыш ұйымдар бірлескен жобалар жасап нәтижелі іс-шаралар атқарып тұру туралы келісімге келді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.09.2014
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру