Атырау қаласының Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында студенттермен кездесу өтті. Оған Атырау облысы білім беру басқармасы бас маманы Гүлзада Жумаева, ҚМДБ-ның Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамдары Қайырбек Отызбаев, Ерсін Әміре, теолог Айбек Аташев, колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Усербаева және колледжі қызметкерлері, студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шара барысында сөз алған дінтанушы Е.Әміре: «Ең бірінші жаратушы Алла адам баласын жаратып өмір берді. Өмірді алатында Алла. Сондықтан бізге Жаратушы өз-өзімізге қол салуға қатаң тыйым салды. «Судың да сұрауы бар» дегендей, біз біріншіден Алла алдында, екіншіден ата-ананың алдында жауап береміз», - деп суицидтің ғасыр дерті екендігін атады. «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қ.Отызбаев адам баласының босқа жаратылмағанын және қияметте Жаратушының алдында адам баласының жастық шағынан сұралатындығын айта келе, жастарды қазіргі уақыттарын тиімді өткізуге, ата-ана үмітін ақтауға және сабыр, шыдам, төзім арқылы өмірдің сынына сүрінбеуге шақырды. Сондай-ақ, түрлі қиындықтарға тап болған кезде оның шығатын жолы рухани жағдай екенін аят-хадистермен түсіндіріп өтті.
Келелі шараға келген қонақтарға колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақсат Кемалқызы өз ризашылығын білдірді.
Жүзден аса студент жиналған бұл кездесудің мән-мағынасы жоғары болды. Себебі, бүгінгі айдың-күннің аманында өз өмірін өлімге айырбастап жатқандар бар. Ислам дінінде жазықсыз адамды өлтіру немесе өзін-өзі өлімге қию – Алланың ашуы мен ауыр азабын тудырар себеп екені айқын.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.09.2014
3591
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру