Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 27-28 қыркүйегі күндері «Сейіткәрім қажы» атындағы аймақ аралық Құран жарысы өткізіледі.
Құран жарысының түрлері:
Ер балаларға:
– 30-шы пара (Нәс пен Нәбә сүрелері);
– 5 пара бойынша (ерікті);
– 30 пара (толық).
Қыз балаларға:
– 30-шы пара (Нәс пен Нәбә сүрелері);
– 2 пара бойынша (ерікті).
Ерлер арасында 5 – 13 жас аралығында және 14 – 25 жас арасында жарыс өтеді.
Ал, қыз балалар арасында 5 – 13 жас аралығында және 14 – 30 жас арасында жарыс өтеді.
Айтулы жарысқа Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Оңтүстік Қазақстан облысынан талапкерлер қабылданады.
Жалпы жүлде қоры 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге.
Ескерту:
– 27 қыркүйек күні сағат 9:00 де қыз-балаларға;
– 28 қыркүйек күні сағат 9:00 де ер балалар арасында өтеді.
Құран жарысына қойылатын талаптар:
– Оқу қырағатына, тәжудіне және жаттау қабілетіне қарайды;
– Қатысушы талапкерлер жарысқа дейін тіркелуі шарт.
Өтетін орны:
Шымкент қаласы, Облыстық орталық мешіт (Бекжан базары қасында)
Анықтама телефондары:
+7 702 527 97 57, +7 705 490 50 16, 8(7252) 45 33 38
e-mail: dasturkzt@mail.ru
Ұйымдастырушы:
ОҚО бойынша Жастар ісі бөлімі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.09.2014
5466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру