Мұсылманның бес парызының бірі – қажылық уақыты да таяды. Шамасы жеткен мұсылман қауымы бұл уақытта ізгі сапарға дайындық үстінде. Жылдағы үрдіспен Қазақ елінен де Мекке шаһарына аттанушы ағайындардың саны артпаса кеміген емес.
Қажылыққа ниетті бұқараның ұлық ғибадат үкімдерін жете түсініп, қажылығын шариғат шеңберінде өтеуіне жіті назар аударған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті үш күндік дайындық курстарын қолға алған еді.
Елордамыздың білімді де білікті имамдары жүргізген дайындық дәрістері бүгін өз мәресіне жетті. Дәрістерде қажылықтың парыз болуынан бастап, ислам тарихы, қасиетті Мәдина қаласындағы Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қабірін зиярат ету тәртібі, ғибадат жасау мәселелері, ер мен әйелдерге қатысты шарттар, т.б. айтылды.
Курстың қорытынды дәрісіне елорда бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, игі ниетпен ізгі сапарға аттанғалы отырған кісілерге ұлық сапардың мән-маңызы мен қажылықтың дәрежесі жайында өз ақыл-кеңесін айтып, сапарларының оң болуын, амандықта барып, есендікте оралуларын тілеп, Алла Тағаладан дұға етті.
Жайық НАҒЫМАШ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.09.2014
4700
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру