Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия мектептерінде Құран сабағы енгізіледі

18.09.2014 3701 0 пікір

"Осы оқу жылында Түркиядағы мектеп реформасы орта мектептерде ислам діні білімін оқытуды енгізумен басталады", - деп жазады жергілікті БАҚ.

Құран сабағын енгізуден соң араб тілін екінші қолданыстағы тіл ретінде оқу бағдарламасына қосу да жоспарда бар. Бұл бастамалар Қасиетті Құран аяттарын меңгеру үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ, білім саласындағы тағы бір жағымды жаңалық – діни оқу орындарын, медресе тәмамдаған оқушылар болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істеулеріне жол ашатын зайырлы оқу орындарында, университет, колледждерде білім алуларына мүмкіншіліктер жасалды. Естеріңізге сала кетсек, бұл уақытқа дейін діни мектепті бітірген балалар өзге университеттерге түсе алмайтын, тек Құран сабағына қатысты, діни жоғары оқу орнында ғана білімін жалғастыра алатын еді.  

Ал енді Түркияның 8-12 сыныбының барлық оқушылары Қасиетті Құран сабақтарын да оқиды. Білім саласындағы бұл өзгерістер тек жекеменшік білім мекемелерінде, армян және православтық мектептерге қатысты емес. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру