Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін істері комитетінің төрағасы мешітімізде қонақта болды

18.09.2014 3288 0 пікір

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағанбетұлы Қызылорда облысы әкімдігінің Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындау бойынша ұйымдастырып отырған идеологиялық жиынға қатысу үшін Қызылорда қаласына келген болатын.

Осы сапарында арнайы ат басын орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне бұрып, мешіттің бір қатар тыныс-тіршілігімен танысып, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлымен кездесті.

Кездесу барысында өкіл имам мешіт қызметі мен жыл басынан бері атқарылған елеулі іс-шаралар мен уағыз-насихат жұмыстарымен таныстырды. Үш жылдан бері қолға алынып келген Skype жүйесі арқылы өтіліп жатқан сабақтар мен арнайы Мысыр елінен жергілікті имамдарға беріліп жатқан дәрістер жайлыда сөз болды. Сондай-ақ, жақында Skype  жүйесін тікелей  IdHost онлайн жүйесі арқылы видео конференцияға ауыстырып, бір мезетте барлық аудандарға сабақ өтілуге мүмкіндік алған жүйенің пайдасы мен мақсатын атап өтті. Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мырза аудан орталық мешіттерінің имамдары және жамағаттарымен онлайн кеңістікте кездесіп сұхбаттасты. Жамағаттардың қойған бірнеше сауалдарына толыққанды жауап берді.

Өз кезегінде Ғалым Шойкин мешітте атқарылып жатқан іс-шараларға қызығушылық танытып, Өз тараптарынан алдағы уақытта мешіттерге түрлі көмектер көрсетіліп, имамдарға қажетті кітаптардың бірнешеуі жарық көруге дайын тұрғандарын айтып, «Өз тараптарыңыздан ұсыныстарыңыз болса бізге жеткізсеңіздер. Біз қол ұшын беруге дайынбыз», – деп, Бас имаммен бірге елдің ынтымақ пен бірлігіне жұмыла жұмыстар атқаруға шақырып, біраз түрлі тақырыптарда әңгімелесті. 

 «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру