ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша барша мұсылмандардың ұлық мерекесі "Құрбан айт" мейрамына қарсы Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Қабылбек Әліпбайұлының ұйымдастыруымен қала, аудан, ауыл имамдарымен жиналыс өткізілді.
Өкіл имам жиналған қала, аудан және ауыл имамдарына Бас мүфтидің тапсырмаларын жеке-жеке тоқтала отырып, таныстырды. Шариғатқа сай ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға барынша жұмыла атсалысуға шақырды. Сонымен қатар ҚМДБ-ның төл басылымдарына жазылу жұмыстарын да аймақ имамдарына бөліп, тапсырды. Алдағы атқаратын сауапты да, қайырымды істеріне берекесін тіледі.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.09.2014
3227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру