Облыстық Қазақ драма театрында облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен, дін істері басқармасының қолдауымен қала, аудан, ауыл имамдары мен молдаларының діни сауатын арттыру семинары болды.
Семинарда облыс имамы Руслан Сұлтанов сөз алып, облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың қолдауымен имам-молдалардың жалақы мәселесі шешілгендігін жеткізді. Қуанышты хабар діни танымдық бағыттағы кітаптарды алып, қазіргі уақытта қала, аудан, ауыл мешіттері мен кітапханаларына тегін берудеміз, медресеге шәкірттер қабылдап, жаңа оқу жылын бастады. Облыстық орталық мешітінің төбесіне күрделі құрылыс жұмысының басталғаны жайында қозғап, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Дін істері басқармасының бас мамандары Мақсат Романқұлов «БҚО аумағында қалыптасып отырған діни ахуал: түрлі ағым өкілдерімен жұмыс істеу ерекшеліктері», Нұржан Стамбакиев «Исламдағы жауапкершілік мәселесі», Саламат Жұмағұлов «Имам беделі (позитивті модель жасаудың аспектілері) және психологиядағы қарым-қатынас мәселелері» жайында баяндамаларын оқыды. Одан кейін имамдар-молдалар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Оған қала, аудан, ауыл имамдары мен молдалары, мешіттің ақсақалдары қатысты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.09.2014
3344
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру