Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлының ұйымдастыруымен қала, аудан, ауыл имамдары мен молдаларын, медресе ұстаздарын жинап, «Құрбан айт» мерекесіне арналған жиын өткізді.
Жиында алдағы келе жатқан Ұлық мерекеде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти тапсырған тапсырмасына орай ұлттық нақышпен Құрбан айтта өткізілетін шараларды рет-ретімен таныстырып, айт мерекесін жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.
Қала, аудан имамдары мен молдаларының басын қосқан жиында облыс имамы күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырған үш бағыт бойынша есебіне талдау жасады.
Бас имам Руслан Сұлтанов имам молдаларға үш бағыт бойынша уағыз-насихат жұмысы, қайырымдылық шарасы, жат ағымдармен жұмыстарын жандандыру керектігін айтып, газет пен журналға жазылу секілді мәселелерді сөз етті. Имамдар мен молдалардың атқарған үш айлық апталық есептерін талқыға салып, Қаратөбе, Сырым, Бөкей-Орда аудандық мешітінің имамдарына ескерту беріліп, жұмыстың жандануына көп ізденісті талап ететіндігін баса айтты. Жалпақтал ауылдық мешіті мен қала, Жәнібек, Жаңақала аудандық мешіттерінің еңбегіне ризашылығын білдіріп, «Имандылық қызметте Алла Тағаланың разылығы үшін еңбек етсек, Ұлы Жаратуышымыздың екі дүние бақытын сыйлайтыны баршаға аян. Ендеше аянбай етейік барша имамдар», – деді облыс имамы.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.09.2014
3040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру