Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отбасылық адалдықтың бастауы - имандылықта

17.09.2014 3685 0 пікір

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекет отбасыдан басталатынын, сондықтан қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін бірнеше рет айтумен қатар, Қазақстанда жаңа мерекені атап өту туралы жарлыққа қол қойып, қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні мерекесі болып аталған еді.

Елбасының: «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді», – деген мағынасы терең, мәнді сөзі де естен шыға қойған жоқ.

Биылғы жылы да айтулы мереке өз деңгейінде аталып өтуде.  

ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің қадағалауындағы оңтүстік өңірінің имамдары түрлі іс-шараларға белсене атсалысып, отбасылық құндылықтар, жұбайлық өмірдегі имандылықтың маңыздылығы, Алла Тағаланың пенделеріне деген мейірімі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) отбасылық өнегесі жайлы көптеген мағлұматтар таратуда.

А.Қаттани мешітінің Бас имамы Бақдаулет Абдрахмановтың тапсырмасымен түрлі Бақ-өкілдерімен тығыз байланыс орнату арқылы жастар арасында мейірімділік пен отбасылық татулық орнату тақырыбы кеңінен сөз болуда.

Қазақстан-Шымкент телеарнасының «Сырғалым» бағдарламасында А.Қаттани мешітінің найб-имамы Амантай Сариев «Отбасы» тақырыбы төңірегінде біршама ой қозғады. Студияға жиналған жастар мен қонақтардың алдында еліміздің келешегі жарқын болып, шуақты күндердің арайы молынан шашылу үшін отбасылық бірлік пен мейірімнің қажеттілігін тілге тиек етіп, жастарды имандылыққа шақырды. Бағдарлама аясында Исламдағы отбасы тақырыбының аса маңыздылығын сөз еткен найб-имам жұбайлар арасындағы адалдықтың бастауы имандылықта екенін айтып өтті.

А.Қаттани мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру