Санаулы күндерден кейін шариғатымыз парыз еткен қажылық маусымы да басталады. Қажылық қасиетті Құран аяттарында айтылғандай, дене әрі материалдық мүмкіндігі бар иісі мұсылман баласына парыз екені әмбеге аян.
Осы орайда бүгінде ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінде биылғы қажылыққа ниет етушілерге арнайы дайындық курстары өткізілуде.
Қыркүйек айының 15-17 аралығына жоспарланған дайындық дәрістерін елорда мешіттерінің білімді де білікті имамдары жүргізеді.
Алғашқы дәрісте қажылық ғибадатының орындалатын мерзімі, қажылықтың пайдалары мен хикметтері, қасиетті Қағбаның салынуы және қажылықтың парыз болуы жайлы тақырыптар қамтылды. Сондай-ақ, қажылықтың парыз болуының шарттары мен әйелдерге қатысты арнайы шарттар, дұрыс орындалуы жөнінде де мол мағлұмат берілді.
Ал, үш күнге созылатын дайындық дәріс кестесінде қамтылатын тақырыптар мен өткізілетін уақытын сайтымыздың қажылыққа арналған парақшасынан алуға болады.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.09.2014
2977
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру