Алматы облысы Дін істері басқармасы мен Талдықорған өңірінің өкілдігі бірлесе өткізген бұл жиын бұрын соңды болмаған еді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемілекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары және де полиция қызыметкерлерін оқыту курсы басталды.
Алматы облысы бойынша курс төрт күнге жалғасады. Төрт күннің ішінде облыстың он тоғыз ауданы толығымен қамтылып, ағымдардың алдын алу шаралары талқыланып түсіндірілетін болады. Іс-шараның басы-қасында Серікхан Рымханұлы өзі болып, төрт күн бойы семинар жасайды.
Елдің тыныштығы әркімге ортақ іс. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Шеттен келген келімсектерге қарсы бірлесе іс қылсақ, тәуелсіз еліміздің егемендігі мәңгілік, тұғыры биік, іргесі бекем болмақ.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.09.2014
3026
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру