Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт қарсаңына Қызылжар имамдарының жиналысы өтті

16.09.2014 3227 0 пікір

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай  «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан имамдарының жиналысы ұйымдастырылды. Аталған жиналыста ҚМДБ-ның тарапынан келген бір қатар тапсырмалар талқыланып соның ішінде Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу, мешіттерде киіз үй тігіліп, ұлттық нақыштағы ойын-сауықтар, рухани кештер ұйымдастырылуын тапсырды. Жиналыста сондай-ақ «Иман» журналына, «Ислам өркениеті» газетін халық арасында кең насихатталуын міндеттеді.

Дін істер агенттігінен жиналысқа қатысқан арнайы өкілі Карменов Абубакирге имамдар мешіт тіркеу ісіне байланысты және мектептерде уағыз-насихат жүргізу мәселелеріне орай, сұрақтарын қойып, тиімді жолдарын қарастырды.

«Қызылжар» ораталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру